Кәсіподақ белсенділері «Оркестр түні» атты концертін тамашалады

Кәсіподақ белсенділері «Оркестр түні» атты концертін тамашалады

26.06.2025 Off By Администрация сайта

2025 жылғы 20 маусымда Шымкент қаласының «Қызғалдақ сарайында» өткен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің Әлемдік танымал туындылары «Оркестр түні» атты концертіне «Қызмет» салалық кәсіподағы және «Ынтымақ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалдарының мүшелік ұйымдарының 150-ден астам кәсіподақ мүшелеріне 100% жеңілдік жасау арқылы аталған концерттік бағдарламаға қатысулары ұйымдастырылды.
Солардың қатарында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлері де концертті тамашалауға қатысып, өзіндік алған керемет әсерлерімен бөлісіп, өздері дайындаған бейнетаспа үзінділерін тамашалауға ұсынды.