Мемлекеттік қызметшілерге құрмет жалғасуда

Мемлекеттік қызметшілерге құрмет жалғасуда

26.06.2025 Off By Администрация сайта

Бүгін – ел дамуы мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі. Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты.
Мереке қарсаңында қызметкерлерді аудан әкімі аппаратының басшысы Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы құттықтады.
Ауданымыздың ілгері дамуы жолында өз үлестерін қосқан бірқатар белсенді мемлекеттік қызметшілер марапатталды:
-«Қызмет» Салалық комитеттің төрағасы М. Х. Жақыповтың атынан Құрмет Грамотасымен – Шардара қала әкімі аппаратының әкімшілігі және жалпы бөлім басшысы Әбдінәсіров Сұлтанхан Қалмаханұлы марапатталды.
-«Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен, Оразбаев Сапарғали Берікбайұлы, Биманов Бүркітбай Құрмантайұлы, Рүстем Өмірбек Бақтыбекұлы марапатталды.

«Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының Құрмет Грамотасымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы – Жахан Қанат Жаханұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы – Бейбіт Зәуірбек Тауырболсынұлы марапатталды.

Мемлекеттік қызметші оның атауы айтып тұрғандай рухани жаңғыруды мақсат тұтқан, бейбітшілікті бағына балайтын мемлекетке, оның халқына мүлтіксіз қызмет жасау керек. Сіздер сол сенімнен шығып, ел үмітін ақтап жүрсіздер деп сенемін және осы бағыттағы оң имиджді қалыптастыру үшін жүйелі жұмыс жасауға шақырамын.
Еліміздің қызметіне қосар үлестеріңіз бен үлгілеріңіз мінсіз болып, еліміз аман, елдігіміз мәңгі болсын!