Цифрландыру басқармасында өткен кездесу

Цифрландыру басқармасында өткен кездесу

24.06.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының цифрландыру басқармасында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, салалық кәсіподақ қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәлелелеріне тоқталып, жиын соңында басқарманың қызметкерлерін «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесімен құттықтап, басқарманың бірқатар қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.


Атап айтқанда:

  • басқарманың бөлім басшысы Қырғызбаев Ернұр Серперұлы «Еңбек озаты» төсбелгісімен;
  • басқарманың бөлім басшысы Маханов Арман Меирханұлы «Құрмет грамотасымен»;
  • басқарма басшысының орынбасары Өмірәлі Айдос Бақытжанұлы «Алғыс хатпен» марапатталды.