Шымкентте спартакиаданың шағын футбол спорт түрінен жарыс өтті

Шымкентте спартакиаданың шағын футбол спорт түрінен жарыс өтті

11.06.2025 Off By Администрация сайта

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдар қызметшілері арасында спартакиаданың шағын футбол спорт түрінен жарыс өтті.
Нәтижесі бойынша: 1 орынды «BIRLIK TEAM» командасы, 2 орынды Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің командасы, ал 3 орынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.М.Кәрімовтің атынан құрылған «Барыс» командасы иеленді.

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының тарапынан жеңімпаздарға жалпы 240000 теңге, оның ішінде І-орынға 100000 теңге, ІІ-орынға 80000 теңге, ІІІ-орынға 60000 теңге қаржылай сыйақы берілді.

Жалпыкомандалық есепте бірінші, екінші және үшінші орын алған құрама командаларға естелік кубоктары мен дипломдары табысталды.
Сондай-ақ, жекелей біріншіліктік жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.