Шымкентте спартакиаданың тоғызқұмалақ спорт түрінен жарыс өтті

Шымкентте спартакиаданың тоғызқұмалақ спорт түрінен жарыс өтті

10.06.2025 Off By Администрация сайта

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдар қызметшілері арасында спартакиаданың тоғызқұмалақ спорт түрінен жарыс өтті.
Нәтижесі бойынша: 1 орынды Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Орда» командасы, 2 орынды Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты командасы, ал 3 орынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.М.Кәрімовтің атынан құрылған «Барыс» командасы иеленді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының тарапынан жеңімпаздарға жалпы 30000 теңге, оның ішінде І-орынға 30000 теңге, ал оның ішінде 2 ер мен 1 әйелдің әрқайсысына 10000 теңгеден қаржылай сыйақы берілді.

Жалпыкомандалық есепте бірінші, екінші және үшінші орын алған құрама командаларға естелік кубоктары мен дипломдары табысталды.

Сондай-ақ, жекелей біріншіліктік жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.