Шымкентте «Қаржыгерлер күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті
16.11.2023Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік Кірістер департаменті Абай ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасының акт залында 15 қараша – «Ұлттық валюта күні» және «Қаржыгерлер күні» мерекелеріне орай, басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өткізілді.
Салтанатты іс-шараға арнайы қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов, Қазақстан Республикасы өзбектерінің «Достық» Ассоциациясының төрағасы И.Хашимжанов және Абай ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасының басшысы Ұ.Ахметов қатысушыларды атаулы мерекелермен құттықтап, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік Кірістер департаменті Абай ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасының 6 қызметкеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградалары, оның ішінде 1 адамға «Еңбек озаты» төсбелгісі, 2 адамға «Құрмет грамотасы», 2 адамға «Алғыс хат», 1 адамға «Жаңақорған шипажайына» жеңілдік жолдама табыстаса, Қазақстан Республикасы өзбектерінің «Достық» Ассоциациясы атынан 2 адамға «Достық» медалі, 3 адамға Абай ауданы әкімінің «Алғыс хаты» және 3 адамға Абай ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасы басшысының «Алғыс хаты» табысталды.

Атап айтқанда:
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен басқарманың салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Тоқлаев Ислам Исмиханұлы, «Құрмет грамотасымен» басқарманың өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Мелдешов Дәулет Абдрахманұлы, салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Жапашов Серік Көлбайұлы және басқарманың өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Байксиев Жамалбек Өсерұлы, өндіріп алу бөлімінің бас маманы Байсабаева Әлмира Қайратқызы «Алғыс хатпен» марапатталса, ал салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Абдрахман Баешовке «Жаңақорған шипажайына» жолдама берілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы өзбектерінің «Достық» Ассоциациясының «Достық» медалімен Абай ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасының басшысы Ұлан Қуандықұлы Ахметов және басқарманың салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Серік Көлбайұлы Жапашов марапатталды.
Жиын соңында басқарма басшылығы тарапынан «Қызмет» салалық кәсіподағының атына, Қазақстан Республикасы өзбектерінің «Достық» Ассоциациясының атына және Абай ауданы әкімдігінің атына шынайы алғыстарын білдіріп, ұжым мүшелері келген қонақтармен естелік суретке түсті.


