Шығыс Қазақстанда Ұлттық валюта күні атап өтілді
16.11.2023«1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда төл валютасы – теңге айналымға енді. Ұлттық валюта еліміздің тәуелсіздігінің бір айғағы болып табылады. 30 жыл бұрын алғаш рет Әл-Фараби, Абылай хан, Әбілхайыр хан, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов сияқты халқымыздың ұлы тұлғаларының сүреті бар купюраларды қолға ұстағанда әр қазақтың кеудесінде мақтаныш сезім ұялаған еді. Сондықтан, ұлылығымызды ұлықтайтын, еңбегімізді бағалайтын төл валютамыздың тұған күні құтты болсын» – осындай тілек сөздерімен «Қызмет» «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Тлеубаев Д.А. ҚР қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменттінің кәсіподақ мүшелерін құттықтады және белсенді кәсіподақ мүшелеріне Құрмет грамоталарын табыстады.





