Мерейлі  сәт – бейнеттің  зейнетін  көріңіз!

Мерейлі сәт – бейнеттің зейнетін көріңіз!

24.10.2023 Off By Администрация сайта

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Шарафиев Нұрлан Мұхтарұлы пайғамбар жасы 63 толып, зейнеткерлікке шықты.
Үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген Нұрлан Мұхтарұлы 1960 жылы 22 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Қазақ химия-технология институтын құрылыс бұйымдары мен констуркциялары өндірісі мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1977 жылы Шымкент құрылыс материалдары зауытында ағаш ұстасы, шебер болып бастаған.
1983-1991 жылдары Шымкент облыстық комсомол комитетінде, қалалық партия комитетінде орындаушы, референт, нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, төрағаның орынбасары, кеңесші қызметтерін атқарған.
1991- 1999 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің жастар ісі, туризм және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, Облыс әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі жауапты қызметтерін атқара отырып., «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыс әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымын қоса атқарды.
2014 – 2017 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2017-2019 жж. «Шымкентхиммонтаж» ЖШС бас директорының орынбасары, «Қазпошта» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының әкімшілік басқармасының бастығы қызметтерінде жұмыс атқарған.
2019 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. Жалпы 46 жылға жуық еңбек өтілі болса, оның 38 жылын мемлекеттік қызмет саласында өткізген екен. Қажырлы еңбегі бағаланып, 2016 жылы «Құрмет» орденімен және көптеген медалдармен марапатталған.
Әріптестері ізгі жүректі азамат, білікті басшы ретінде үлгі тұтады. Облысқа қосқан еңбегі мен төккен тері аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ұл – қыздарыңыздың, немере – шөберелеріңіздің қызығына кенеліп, ұзақ бақытты ғұмыр тілеп, «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Аралбекқызы Есебаева, зейнет жасымен құттықтап, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.