«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткен кездесу
26.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының жұмыс кестесіне сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге арнайы барған «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы кәсіподақ мүшелерінің жағдайларымен танысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырып, 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бойынша және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Телағысұлы Даулеталиннің төрағалығымен 2023 жылғы 17 қазанда Шымкент қаласында өткізілген ІҮ Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің отырысы туралы хабарлама жасады.
Жиын соңында филиал төрағасы С.Әуесханов ұжым мүшелерін «25 қазан – Республика күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: мекеменің жұмыскері Медарова Ұлбике Басымбекқызы «Қызмет» салалық кәсіподағының «Алғыс хатымен», мекеменің аға медбикесі Бәйдібекова Шарипа Әділханқызы «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» және мекеменің палата санитары Сайдалиев Арыстанбек Сапарғалиұлы «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды.

