«Қарттарын қадірлеген ел қадірлі» атты мерекелік іс-шара өтті

«Қарттарын қадірлеген ел қадірлі» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2023 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Қарттар күніне» арналған «Қарттарын қадірлеген ел қадірлі» атты мерекелік жиын өткізіліп, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясының және Түркістан сарайының әншілері өнерлерін көрсетіп, әсем әуенді әндерін шырқап, оныншы маусымға келіп ем алушылар мен қызмет көрсетуші ұжым мүшелеріне арналған концерттік бағдарлама қойылды.
Мекеме басшысы Досбаева Акмарал Акылбекқызы мерекелік жиынды ашып, қарттар күнімен, кәсіподақтар күнімен және республика күнімен құттықтап, мекеме атынан дайындалған «Алғыс хаттары» мен сыйлықтарын қызметкерлер мен ем алушыларға табыстады.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға арнайы қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы жаңа маусымдағы ем алушыларын және мекеменің қызмет көрсетушілері – ұжым мүшелерін алда келе жатқан «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиал наградаларын табыстады.Атап айтқанда: мекеменің басшысы Досбаева Ақмарал Ақылбекқызы «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің еңбек нұсқаушысы Абитаева Нуржамал Абитайқызы «Құрмет грамотасымен» және мекеменің әлеуметтік қызметкері Отарбаева Салтанат Мейрамбековна «Алғыс хатпен» марапатталды.