«Қарттар күніне» арналған апталық қорытындыланды
09.10.2023Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Қарттар күніне» арналған апталық қорытындысын өткізіп, мекеме қызметкерлерінің және ем алушыларының дайындаған концерттік бағдарламасы қойылды.
Мекеме басшысының әкімшілік-шаруашылық жөніндігі орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Усенбаева Асқар Амантайұлы мерекелік жиынды ашып, қарттар күнімен, кәсіподақтар күнімен және республика күнімен құттықтап, мекеме атынан дайындалған «Алғыс хаттары» мен сыйлықтарын қызметкерлер мен ем алушыларға табыстады.
Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға арнайы қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мекемедегі ем алушылар мен мекеменің қызмет көрсетушілері – ұжым мүшелерін алда келе жатқан «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелерін филиал наградаларымен марапаттады.
Атап айтқанда: мекеме басшысының әкімшілік-шаруашылық жөніндігі орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Усенбаева Асқар Амантайұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің енбек терапия жөніндегі нұсқаушысы Рустамов Аднабек Тиллабекұды «Құрмет грамотасымен» және мекеменің ас таратушысы Кенжебекова Жұпар Абайқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Сондай-ақ, филиал төрағасы С.Әуесхановқа мекеме басшысының «Алғыс хаты» табысталды.



