Тұрғын үй басқармасының қызметкерлері марапатталды

Тұрғын үй басқармасының қызметкерлері марапатталды

09.10.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасына арнайы барып, басқарманың басшысы Жанат Өмірсейітқызы Өтебаеваның, кәсіподақ төрағасы Абдималик Балбаевтың қатысуымен, басқармадағы ұжым мүшелерін «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.

Атап айтқанда: басқарманың статисті, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Балбаев Абдималик «Еңбек озаты» төс белгісімен, басқарманың бас маманы Абдуалиева Фарида Асқарқызы «Құрмет грамотасымен» және басқарманың бас маманы Тубекова Қарлығаш Жакинқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жиын соңында басқарманың басшысы Жанат Өтебаева ұжым мүшелерін құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының атына ризашылығын білдірді.