СҚО-да ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ құрметіне шара өткізілді!

СҚО-да ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ құрметіне шара өткізілді!

06.10.2023 Off By Администрация сайта

Ағымдағы жылдың 6 қазанында ҚР Кәсіподақтар күнін мерекелеу құрметіне аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәтжан Әйтенұлы Аблалиев, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ерік Есімұлы Нұрақаев, СҚО салалық кәсіподақтары, кәсіподақ көшбасшылары, кәсіподақ қозғалысының белсенділері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер қатысты.

Құттықтау сөзімен СҚО әкімінің орынбасары, КАБ-нің төрағасы, «Қызмет» салалық кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілі Сызганова Любовь Константиновна сөз сөйлеп, еңбекте табыс, кәсіподақ өмірінде белсенділік, сонымен қатар мықты денсаулық пен амандық тіледі!
Кәсіподақ қозғалысын дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан жеке үлесі үшін кәсіподақ белсенділері мен әлеуметтік серіктестер марапаттарға ие болды:
«Қызмет» салалық кәсіподақтың «Кәсіподақ қайраткері» медалімен марапатталды:
Сұлтанов Жеңіс Хамзинұлы – «Қызылжар су» ЖШС Бас директоры
«Қызмет» салалық кәсіподақтың «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталды:

  1. Абдрахманова Ольга Леонидовна – Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы;
  2. Аверина Альбина Маратовна – «Қызылжар су» ЖШС қызметкерлермен жұмыс бөлімінің бастығы, «Қызылжар су» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы.
    «Қызмет» салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды:
  3. Ақмарал Бақытжанқызы Шариева – Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы, кәсіподақ комитетінің төрағасы;
  4. Носкова Анастасия Сергеевна – Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы, кәсіподақ комитетінің төрағасы.
    «Қызмет» салалық кәсіподағының алғыс хатымен Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры, әлеуметтік әріптес – Абай Мақпозұлы Қошанов марапатталды.
    Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды:
  5. Камила Бәкібайқызы Темербекова – «Келешек» жастар қанатының өкілі;
  6. Ермохина Елена Вадимовна – саланың кәсіподақ қозғалысының ардагері.