Қазыналы қарттарымызды құрметтеу!
06.10.2023Қазыналы қарттарымызды құрметтеу, олардың көп жылғы еңбектеріне тағзым ету бүгінгі ұрпақтың міндеті. Қоңыр күзбен бірге келген қарттар айлығы әр мекемеде аталып келеді. “Қызмет” салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалы өзінің бастауыш ұйымы “Шаңырақ” әлеуметтік үйінде қарттар айына арналған салтанатты шараға қатысып, құттықтауларын жеткізді.
Биылғы жыл Кәсіподақтар Федерациясының шешімімен “Ұрпақтар кездесуі” айдарымен өткізілуі барлық шараларға жаңа серпін берді. Осыған байланысты “Қызмет” салалық кәсіподағы саланың ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетті. “Қызмет” Салалық кәсіподағының ардагері 1985 жылдан 2018 жылға дейін республикалық мемлекеттік мекемелерінің салалық кәсіподағының төрайымы Ахметова Рая Журабаевнаға, салалық кәсіподақ ардагері Яфарова Тамара Руслановнаға арнайы сыйлықтарын филиал атынан әзірледі. Жылы тілектерін, ақ батасын беріп, ардагерлеріміз ризалығын білдірді.




