Аудандық атқару комитетінің отырысы
06.10.20232023 жылдың 05 қазан күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Теректі ауданына іс сапарға шығып, аудандық кәсіподақ ұйымының атқару комитетінің мүшелерімен кездесіп, кезектен тыс өткізген комитет отырысына қатысты.

Атқару комитеті отырысына Теректі ауданы әкімі Ә.Мұханбетжанова, комитет мүшелері және кәсіподақ мүшелері қатысты.
Жиналыс барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен кәсіподақ мүшелерінің құқықтық қорғалуы, олардың әлеуметтік тұрғыдан лайықты қамтамасыз етілуі, денсаулығын сақтау, еңбек дауларының алдын алу мен оларды шешу кәсіподақтардың негізгі жұмысы екеніне тоқтала отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Атқару комитеті отырысы барысында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, атқару комитет мүшелерінің бірауыздан дауыс беруінің нәтижесінде Теректі аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы болып аудан әкімінің орынбасары Гумаров Дамир Сансызбайұлы сайланды.
Комитет отырысының күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша қаулылар бірауыздан қабылданды.
Жиналыс соңында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Гумаровқа, атқару комитетінің мүшелеріне, қатысқан кәсіподақ мүшелеріне жақсы жетістіктер тілеп, келе жатқан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні мейрамымен құттықтап, кәсіподақ белсенділеріне «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төс белгісін, Құрмет грамотасын, облыстық кәсіподақ ұйымының «Белсенді қызметі үшін» төс белгісін, Құрмет грамоталарын табыстады.



