Халықаралық қарттар күнімен құттықтау
06.10.2023 2023 жылы 04 қазан күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күні қарсаңында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы мен облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен еңбек жастары өкілдерінің қатысуымен өткен «Ұрпақтар кездесуі» атты іс-шара өтті.
Шара барысында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен қатысушыларды Халықаралық қарттар күнімен және алдағы Кәсіподақтар күнімен құттықтап, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан жемісті еңбегі мен елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқығы мен мүддесін қорғауға, кәсіподақ қозғалысын дамытуға белсене қатысқаны үшін, Бөкей ордасы аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы болып қызмет атқарған, кәсіподақ ардагері Тлеген Керейұлына ризашылығын білдіріп, облыстық кәсіподақ ұйымының атынан алғыс хат табыстады.

Тлеген Керейұлы өзінің негізгі лауазымына қоса 13 жыл аудандық кәсіподақ ұйымында төраға қызметін атқарды, аудандық ұйымның, бастауыш ұйымдардың құрылып, күні бүгінге дейін жұмысының жандануына өз үлесін қосты. Жиыннан соң кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен облыстық атқару комитетінің ұйғарымы мен АрыстанбековТлеген Керейұлына өз сұранысына орай велосипед табыстады.


