Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
06.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, ұжым мүшелерімен кездесті.
Мекемеде 92 адам жұмыс жасайды және олар толығымен кәсіподақ мүшелігіне кірген.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Сариева Мадина кездесу жиынын ашып, мекеменің жаттықтырушылары мен спортшылары республикада жоғары көрсеткіштерге ие және Қытайдағы Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ-Жазғы Азия ойындарында елеулі жетістіктерге жетіп отырғанын тілге тиек етті.

Оқ атудан жаттықтырушы Наталья Юнусметованың, Байдарка және каноэ есуден жаттықтырушылар Вячеслав Резниковтың, Владимир Барановскийдің шәкірттері жоғары тұғырдан көрінген.

Атап айтқанда, Азия ойындарында төмендегідей жүлделі орындарды иеленген:
Оқ атудан:
- Ирназарова Зухра І-орын (жылжымалы нысан);
- Ирназарова Зухра мен Ирназарова Фатима ІІ-орын (жылжымалы нысан командалық);
- Худяков Андрей мен Назиркульев Асатбек ІІ-орын (жылжымалы нысан командалық);
- Чирюкин Никита ІІІ-орын (пистолет).
Қабырғаға атудан: - Кравченко Зоя І-орын (команда скит);
- Прилепина Анастасия ІІІ-орын (команда трап);
Байдарка және каноэ есуден: - Искакова Руфина ІІ-орын (С2-500м).
Кәсіподақ филиалының төрағасы С.Әуесханов ұжым мүшелерінің спорттағы жетістіктеріне сәттіліктер тілеп, оларды «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: мекеменің әдіскері Емельянова Александра Викторовна «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің бас бухгалтері Тілеуқабыл Санат Тілеуқабылұлы «Құрмет грамотасымен», мекеменің әдіскері Мейрамбеков Мейрам Сергеевич «Алғыс хатпен» марапатталды.


