Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағдайы басты назарда

Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағдайы басты назарда

04.10.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы Атқару Комитетінің отырысында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелері Роза Құдиярованың және Құралай Дауренбекованың әлеуметтік жағдайларына байланысты өтініштерін қарап, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының палата санитарлары Роза Құдияроваға және Құралай Дауренбековаға 20000 теңгеден, жалпы 40000 теңге әлеуметтік көмек қаржыларын бөлу туралы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының палата санитары Гүлмира Ертаеваға Арыс шипажайына барып ем алып, демалып келген қаржылай шығынының 30% немесе 20000 теңгесін филиал есебінен өтеп беру туралы шешім қабылдаған.
Кәсіподақ мүшелеріне бөлінген жалпы 60000 теңге көлеміндегі қаржылай қолдаударды мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Усенбаев арнайы табыстады.