«TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығында өткен кездесу

«TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығында өткен кездесу

04.10.2023 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге арнайы барған «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы кәсіподақ мүшелерінің жағдайларымен танысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырып, 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бойынша және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының биылғы жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына ерекше тоқталып өтті.

Жиын соңында филиал төрағасы С.Әуесханов ұжым мүшелерін алда келе жатқан «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелерін «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.

Атап айтқанда: мекеме басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Белгібаева Гүлия Байзаққызы «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушысы Үрбалаева Мақпал Мухамеджанқызы «Құрмет грамотасымен», мекеменің бас бухгалтер-бөлімше тобының басшысы Мырзақұлова Ақнұр Төлбасықызы және мекеменің кадр жөніндегі инспекторы Сағынтай Мөлдір Нұрханқызы «Алғыс хаттармен» марапатталды.