Кәсіподақ мүшелерінің еңбегі еленген күн
28.09.2023Ақтөбеде өңір басшысы Асхат Шахаровтың қатысуымен Еңбек күніне арналған «Адал азамат – адал еңбек» атты мерекелік шара өтті. Аталған шараға «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалы төрайымының орынбасары Рафхат Бисенов қатысып, кәсіподақ мүшелері қатарынан үздік қызметкерлерді «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттады.«Еңбек озаты» төсбелгісі биыл облыстық филиалмен бекітілген болатын және кәсіподақ мүшелеріне қызметтік міндеттерін үлгілі және мінсіз орындағаны үшін, еңбектегі жоғары көрсеткіштер үшін беріледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда еңбек адамы бірінші орында тұруы тиіс екенін айтып, табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету дейді. Қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Адал еңбек қашан да құнды. Жанын сала еңбек етіп, табысын маңдай терімен тауып отырған адам әрдайым құрметке лайық. Біз мақсатқа жетуде тиімділікті арттыруға, азаматтарымыздың әл-ауқатын одан әрі көтеруге бағытталған шаралардың тиімділігін сақтауға барынша күш салуымыз керек», – деді мерекелік шараға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімі Асхат Шахаров.

Салалық кәсіподақ өзінің әрбір мүшесін Еңбек күнімен шын жүректен құттықтайды, қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейді. Еңбектеріңіз еленіп, мақсаттарыңыз орындалып, халықтың алғысына бөлене беріңіздер.

