Кәсіподақ активі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовпен кездесуде
28.09.2023 Бүгін ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде СҚО аумақтық Кәсіподақ орталығында облыс кәсіподақ активінің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Әділұлы Сарбасовпен кездесуі өтті.
Іс-шараға «Қызмет» кәсіподақ филиалының СҚО өкілі Сызганова Л.К. қатысты.

А. А. Сарбасов министрліктің жұмысы туралы, әртүрлі мәселелер қаралатын комиссиялар туралы айтып берді. Сөз сөйлегеннен кейін кәсіподақ активі сұрақтар қойды. Сондай-ақ, Л.Сызганова ӘҚКО-да коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеу және біліктілік санаттарын беру туралы куәліктердің қолданылу мерзімі өткен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы медбикелерге санат үшін ақы төлеу бойынша 2 сұрақ қойды.

Денсаулық сақтау жүйесінде біліктілік санаттарына қол жеткізу критерийлері жаңа салалық келісімде белгіленген, осыған байланысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап біліктілік санаттарын беру туралы куәліктердің қолданылу мерзімі өткен медицина қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары бұрын берілген жоғары, бірінші, екінші біліктілік санаттары ескеріле отырып есептеледі.
Бұл мәселені шешу СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Р. С. Елжасовқа ұсынылды.


