Мұражайға саяхат!
05.06.2023Балаларды қорғау күніне орай «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалына қарасты үлкен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бірі – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің балалары облыстық тарихи-өлкетану мұражайынаэкскурсия жасады. Мұражайда балалар тың деректер мен археологиялық құнды жәдігерлермен танысып, тарихи мағлұматтарға қанықты, қазақ елінің, аймағымыздың тарихымен танысып, білімдерін одан әрі жетілдіре түсті.


Одан әрі шара Б.Шөкенов атындағы саябақта жалғасын тауып, балалар аниматорлармен бірге көңіл көтерді, соңында сыйлықтар табысталды. Аудандарда да ұйымдастырылған осындай іс шараларға статистика басқармаларының кәсіподақ мүшелерінің балалары қатысып, ерекше көңіл-күйде болды.
Іс шараларға барлығы 90 бала қатысты.





