Бақытты балалық шақ үшін!

Бақытты балалық шақ үшін!

01.06.2023 Off By Администрация сайта

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Мақсаты – балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Бұл күні әлем елдерінде балаларға арналған түрлі бұқаралық-мәдени іс-шаралар өткізіледі.

Балаларды қорғау күні мерекесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатымен бірлесіп, «Мұрағат және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күнін өткізді. Оған орталық мемлекеттік органдар, министрліктер, ведомстволардағы кәсіподақ ұйымдарының және салалық кәсіподақ қызметінің елордалық филиалы мүшелерінің балалары, сондай-ақ Ұлттық мұрағат қызметкерлерінің балалары қатысты.

Құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлзира Қарсақбаева мен Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова сөйледі.

Шараға келген 200-ге жуық балалар мен ата-аналарды құттықтаған «Қызмет» салалық кәсіподағы төрағасының кеңесшісі Әлима Бекназарова іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың Отан тарихына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және патриоттық тәрбиені дамыту, сондай-ақ аға буынның еңбек және жауынгерлік жолы мысалында ұрпақтар сабақтастығын сақтау екенін атап өтті.

Мұрағатқа экскурсия жүргізумен қатар, балаларға викториналар мен танымдық ойындар ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндерге аниматорлардың қатысуымен жоғары деңгейдегі ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Әр қатысушыға естелік сыйлық берілді.