«Ел жүрегі-Астана»
06.06.2023«Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің «Ел жүрегі-Астана» гала-концертіне қатысты.
Айта кету керек, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы- стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған.
Гала-концерт барысында көрермен назарына «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ өмірінен сыр шертетін мазмұнды бейнефильм ұсынылды.
Салтанатты шара барысында Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов құттықтау сөз сөйледі.
«Елорданың 25 жылдығына орай бүгін аталмыш үлкен шара өтуде. Біз «Қамқор» әлеуметтік орталығының елорда тұрғындары үшін осындай қызықты бағдарлама дайындағанына өте қуаныштымыз. Әлеуметтік салада жүрегі жақсы адамдар жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Әлеуметтік қызметкерлер адам проблемаларын бірінші болып қабылдайды және мүмкіндігінше оларды жан-жақты қолдау және қамқоршылық арқылы шешуге көмектеседі.Сондықтан, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының барлық қызметкерлеріне әлеуметтік әріптестікті нығайту және кәсіподақ қозғалысын дамытуды жандандыру бойынша бірлескен жұмыс үшін алғысымды білдіргім келеді», – деп атап өтті А. Нұрланов.
Сондай-ақ, елордалық филиал төрағасы іс-шараны ұйымдастырушыларға және мекеменің шығармашылық ұжымына кәсіподақтың дамуына қосқан үлесі, адал еңбегі, жауапкершілігі, жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдіріп, марапаттар табыс етті.
Шара барысында «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылардың шығармашылық ұжымы қызықты концерттік бағдарлама дайындады. Шығармашылық көзқарас, шабыттандыратын жарқын қойылымдар жоғары орындаушылық деңгейде өтіп, көрермендер жылы лебізбен, қошеметпен қарсы алды.










