Кадр  сыртындағы  еңбек  адамы – оператор  Марат  Жолдас

Кадр сыртындағы еңбек адамы – оператор Марат Жолдас

09.09.2026 Off By Администрация сайта

Телевидениедегі әрбір сапалы сюжет пен әсерлі бейненің артында үлкен еңбек жатыр. Ал сол көріністің артында үлкен еңбек атқарып тұрған операторды байқай бермейміз.

Оператор — кез келген түсірілімнің маңызды маманы. Камераны дұрыс орналастырып, жарықты бақылап, қажетті сәтті дәл түсіру, кейде бірнеше сағат бойы камераны қолында ұстап, бір ғана маңызды көріністі күтіп тұрады. Табиғат аясында түсірілім болса, ыстыққа да, суыққа да қарамай өз жұмысын жалғастырады. Ол әрбір қозғалысқа, жарыққа, дыбысқа және кадрдың әдемілігіне мән береді. Оның жұмысы көзге көрінбейді, бірақ экрандағы дайын туындыдан анық байқалады. Өйткені түсірілген бейненің сапасы көрерменге оқиғаны дұрыс жеткізілуі тиіс.

Сол еңбекті көрерменге байқатпай атқарып жүрген мамандардың бірі — «Сәт» телеарнасының операторы, «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облысы сарыағаш аудандық комитеттің белсенді кәсіподақ мүшесі – Марат Жолдас.

Оператор үшін техникаға ие болу аздық етеді. Ол оқиғаның ең маңызды тұсын дер кезінде байқап, адамның көңіл күйі мен еңбегін бір ғана кадр арқылы көрсете білуі, шеберлікті талап етеді. Марат Жолдас — оқиғаны камера арқылы сөйлете білетін, өз ісінің маманы.

Оның түсірген бейнелерінен тиянақтылықты, ізденісті және өз мамандығына деген жауапкершілікті аңғаруға болады. Көрермен көгілдір экраннан дайын дүниені көреді, ал сол дүниенің сапалы шығуына Марат Жолдас сияқты операторлардың маңдай тері мен кәсіби шеберлігі, кадрдың сыртындағы көзге көрінбес үлкен еңбегі жатыр.

Біз өз тарапымыздан Марат Жолдасқа, көрермендерге әдемі әрі әсерлі бейне ұсынып, елге қызмет етіп, халықтың құрметіне бөлене беріңіз,-демекпіз.