«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өткізілген шара
20.08.2026Бастауыш кәсіподақ ұйымының көп балалы отбасыларын қолдау мақсатында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясын жыл сайын өткізуде.

2026 жылдың 20 тамыз күні «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен 13 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көп балалы ата-аналарымен кездесті.
Кездесу барысында 26 кәсіподақ мүшесінің балаларына мектепке қажет оқу құрал жабдықтарын табыстай отырып, ата-аналарға, балаларға жақсы жетістіктер, жаңа оқу жылына сәттіліктер тіледі.



