Астана қаласындағы Балалардың құқықтарын қорғау орталығында «Бөбек» бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Астана қаласындағы Балалардың құқықтарын қорғау орталығында «Бөбек» бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

19.05.2026 Off By Администрация сайта

2026 жылғы 18 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Балалардың құқықтарын қорғау орталығы» КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымын құру жөнінде құрылтай жиналысы өтті.

Кездесу барысында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов салалық кәсіподақтың қызметі, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ кәсіподақ мүшелігінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтып берді.

Мекеме ұжымы бастауыш кәсіподақ ұйымын құру бастамасын қолдап, қызметкерлердің кәсіби және еңбек мүдделерін қорғауда бірліктің маңыздылығын атап өтті. Жиналыс қорытындысы бойынша БКҰ төрайымы болып Ләззат Еспаева сайланып, кәсіподақ комитетінің мүшелері бекітілді.

2026 жылғы 19 мамырда филиалдың Атқару комитетінің қаулысымен мекеме ұжымы «Бөбек» бастауыш кәсіподақ ұйымы ретінде салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының құрамына ресми түрде қабылданды.

Филиалдың Атқару комитеті мекеме қызметкерлеріне көрсеткен сенімі үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмыстың әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.