Әлеуметтік әріптестік мәселелері талқыланды
18.05.2026«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы » қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыпов іссапармен Шығыс Қазақстан облысында болып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановпен кездесті.

Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары – Астана қаласы филиалының төрағасы Нурланов Атақозы Келденұлы, «Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы Қасымжанов Темірбек Жұмағұлұлы және «Қызмет» салалық кәсіподағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Тлеубаев Дәурен Әділханұлы қатысты.


Кездесу барысында облыстың мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік және азаматтық қызметшілерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытудың перспективалық жоспарлары қаралды.

