«Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне арналған семинар-кеңес өтті
06.05.2026Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне арналған арнайы семинар – кеңес өткізілді.
Семинар – кеңеске «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қатысып, жұмыскерлердің еңбек құқын қорғау бойынша кәсіподақтар тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндап, оның роліне ерекше тоқталды.

Сонымен бірге жиынға «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ-ның шымкент филиалынан, ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен еңбек қауіпсіздігі қызметі басшылары мен мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жалпы семинарда Шымкент қаласы кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, Еңбек қауіпсіздігі бойынша соңғы өзгерістер, Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмыс берушінің жауапкершілігі тақырыптарында баяндамалар жасалып, қатысушылармен талқыланып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында «Еңбекті қорғау айлығы» қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен мамандарға арнайы «Алғыс хаттар» табысталды.

