Атырауда жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды
29.04.2026«Қызмет» салалық кәсіподағы Атырау облыстық филиалының мүшелік үйымының саны 5 бастауыш үйымға артты.
Олар, Белсенді ұзақ өмір сүру және зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға үйге қызмет көрсететін орталығы, Жылой ауданындағы N2 арнаулы қызмет көрсету орталығы, Атырау облысы жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы, Бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды қарау орталығы КММ-сі және Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті РКМ-сі.
Алдағы уақытта жасақталатын ұжымдық шартта 200 аса Жұмыскерлердің құқығы мен мүдделері қарастырылып, олардың әлеуметтік кепілдіктері қамтамасыз ету көрсетіледі.





