Ұрпақтар кездесуі

Ұрпақтар кездесуі

21.04.2026 Off By Администрация сайта

Қостанай қаласының жоғары сынып оқушыларына арналған ашық есік күні Қостанай облысы әкімдігінде өтті. Қостанай облыстық «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ филиалының төрайымы Донбаева Гүлнар Дәлібайқызы облыс әкімдігі әдеп жөніндегі уәкілі Сүндіков Қайрат Жанділдинұлымен бірлесіп, облыс орталығы мектептерінің оқушыларын қарсы алды. Кездесу облыс әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі ұйымдастырған кәсіби бағдар беру аясында өтті.

Іс-шараға облыс әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы Динара Макашева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басқармасының басшысы Аслан Ембергенов, сондай-ақ марапат иелері Гүлнар Донбаева мен Ирина Осокина және өңірлік кадр резервінің мүшелері Бисембаев Арман, Карымсакова Дәметкен, Азатхан Ғафурұлы Шоқпатов қатысты.

Салалық кәсіподақ төрайымы Донбаева Гүлнар Дәлібайқызы жас қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі 30 жылдық еңбек жолы туралы айтып, еңбек жолындағы құнды тәжірибесімен бөлісті. Ол өз еңбегі медальдармен және құрметті төсбелгілермен атап өтілгенін жеткізді.

Кездесу спикерлері мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері, өздерінің кәсіби жолы, этикалық стандарттар мен қағидаттар туралы баяндады. Оқушылар жұмыс кеңестері өтетін залдарды, облыс әкімдігінің «А» және «Б» корпустарын аралап, Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысымен танысты. Іс-шара соңында қатысушылар естелікке бірлескен суретке түсті.