Жастар саясатын дамытуға бағытталған маңызды кездесу
02.04.2026Ақтөбе облысында өткен кәсіподақ активі отырысынан кейін «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Мопық Әйгерім Абатқызы мен «Келешек» республикалық жастар кеңесінің төрағасы Аян Сәлімгереев арасында жеке кездесу өтті.

Кездесу барысында жастар саясатын дамыту, кәсіподақ қозғалысына жас мамандарды кеңінен тарту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар өңірлік жастар кеңестерінің жұмысын жандандыру, жастар бастамаларын қолдау, жас қызметкерлердің кәсіби дамуына бағытталған жаңа жобаларды іске асыру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Әңгімелесу барысында тараптар алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру, жастардың кәсіподақ қозғалысындағы рөлін арттыру және өңірлік жастар кеңесінің қызметін жаңа деңгейге көтеру бағытында нақты жоспарлар айқындады.
Бұл кездесу – жастар кеңесінің жұмысын күшейтуге, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға және жас буынның кәсіподақ қозғалысындағы белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Алдағы уақытта «Келешек» жастар кеңесінің бастамалары мен жобалары өз жалғасын тауып, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге серпін береді.

