«Қызмет» кәсіподағының қатары жаңа мүшелік ұйыммен толықты
27.02.2026«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов арнайы шақырумен Бәйдібек аудандық «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мекеменің басшысы Айгүл Орынбасарқызы Молдабекованың қатысуымен ұжым мүшелерімен кездесу өткізіліп, жиын қорытындысымен мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, «Қызмет» салалық кәсіподағының құрамына мүшелік ұйым болып кірді.


Орталықтандырылған кітапханада қырықтан аса қызметкерлері жазбаша жеке өтініштерін беріп, кәсіподақ мүшелігіне толығымен кіріп, жалпы жиналыста бірауыздан кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Жангелдиева Фарида Адасқызы сайланды.

Мекеменің басшысы Айгүл Орынбасарқызы Молдабекова мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Фарида Адасқызы Жангелдиеваның және филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың арасында жасалған өзара ынтымақтастық қарым-қатынастар жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған келісім-шартқа және ұжымдық шартқа қол қойды.

