Мерейтой иесі еңбек озаты медалімен марапатталды
26.02.2026Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының Жұмылдыру дайындығы және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Жундабеков Бақытжан Бисенұлы 60 жасқа толуына орай құттықтау шарасы өтті. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Жылқыбай Айбек Жамалұлы «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының «Еңбек озаты» медалі мен арнайы сыйлығын және ұжымның атынан құттықтау адресатын табыстады. Орталық басшысы Бисенбаев Болат Берікұлы, әріптестері мерейтой иесін құттықтап, тілектерін білдірді.


Бақытжан Бисенұлы 2017 жылдан бастап Жұмылдыру дайындығы және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Маңызды және жедел тапсырмаларды орындауда, облыс аумағындағы табиғи апаттардан туындаған төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде үлкен жауапкершілікпен атқарып, облыс аумағында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу барысында тиісті жұмыстарды өз деңгейінде ұйымдастыра білетін білікті маман, іскер басшы. Атқарған адал да абыройлы еңбегімен ұжымның құрметіне ие.


