Құрметке лайық!
04.02.2026«Құрметке лайық» жобасы аясында Сырдария ауданы Інкәрдария ауылдық округі әкімі аппаратының «Інкәрдария ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның басшысы болып адал еңбек етіп зейнеткерлік демалысқа шыққан кәсіподақ мүшесі Ахметова Зағира Саханқызы «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық облыстық кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» марапатталып, арнайы сыйлығы табысталды. Мәдениет ошағы – ауылдық клубта өткен салтанатты құттықтау шарасында ұжымның, Інкардария ауылдық округі әкімі аппаратының, ардагерлер кеңесінің, әжелер ансамблінің атынан сый-құрмет көрсетілді.
Зағира Саханқызының жалпы еңбек өтіліне, осы ұжымдағы еңбек өтіліне 44 жыл толып отыр. Тәжірибелі басшы, білікті маман, әлеуметтік әріптес Зағира Ахметованың мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін 2022 жылы «Қызмет» салалық облыстық кәсіподағының «Еңбек озаты» медалімен марапатталды. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбегімен, тындырымды ісімен және қарапайым да парасатты мінезімен елдің, ұжымның, әріптестерінің құрметіне, үлкен абырой-беделге ие. Атқарған еңбегі бағаланып Облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен, т.б. марапаттармен марапатталған.





