Әлеуметтік  қызметкерлер  күні мерекесі аясында  әлеуметтік сала мекемелері  арасында  спорттық спартакиадалар жалғасуда

Әлеуметтік қызметкерлер күні мерекесі аясында әлеуметтік сала мекемелері арасында спорттық спартакиадалар жалғасуда

29.10.2025 Off By Администрация сайта

Бұл жолы Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелер арасында достық волейбол турнирі өтті.

Турнирге «Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық»КММ –нің «Алау », «Ақтөбе қаласы отбасын қолдау орталығы» КММ нің «Ақтөбе тірегі» және «Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ нің «Қамқор » қомандасы қатысты.

Бұл шара ұжымдағы бірлікті нығайтып, ынтымақтастық пен өзара түсіністік ахуалын қалыптастыруға ықпал етті.
Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар жоғары спорттық дайындық деңгейін, бірлікті және жеңіске деген жігерді көрсетті.
Ойын қортытындысы бойынша :
1 орын «Алау » командасы
2 орын «Қамқор » командасы
3 орын «Ақтөбе тірегі» командасы иеленді.
Барлық командаларға дәстүрге сай кубоктар , алғыс хаттар мен «Қызмет » салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ атынан бағалы сертификаттар тапсырылды. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен ойыншылар келесі номинациялар бойынша марапатталды :
«Үздік ойыншы » — Кемал Мейрамбек, қалалық жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен;
«Үздік қорғаушы» — Тукешов Біржан, Отбасын қолдау орталығынан;
«Жеңіске деген ерік-жігері үшін» — Әйгерім Қыздарбай;
«Үздік шабулшы» — Мырзахметов Мирдан әлеуметтік бейімдеу орталығынан.
« Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ –сі ұжымды нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше мән береді. Турнир тиімді қызметтің негізі болып табылатын бірлік пен өзара құрметтің айқын көрінісіне айналды.