«Келешек» жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті

«Келешек» жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті

22.10.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ жанындағы «Келешек » жастар кеңесі облыстағы жастар саясатын жүргізуде белсенділік танытуда. Әсіресе кеңестің күн тәртібінен еңбекші жастардың әлеуметтік жағдайлары, еңбек қатынастарындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау, күнделікті тұрмыстағы өзекті мәселелерін шешу т.б сұрақтар тускен емес. Бұл жолғы кездесуде де олар өздерінің алдарына қойған жоспарларымен бөлісіп, жаңа ойларын ортаға салды. Ақтөбе облысы әкімі жанындағы жастар кеңесінің мүшесі және кеңес төрағасы Әйгерим Мопық кеңестің жұмысы туралы баяндама жасап, өз кезегінде қордаланған мәселелерді жоғары деңгейде көтеруге ниетті екенін айтып өтті.

Облыстық филиал төрағасы М. Сағындықова жастардың болашаққа деген көзқарасын, жаңа жобаларын және жаңа идеяларын қолдайтынын жеткізіп, кеңес мүшелеріне ырзалығын білдірді.

Отырыс барысында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, тәжірибе бөлісу үшін Ақтөбе облысы әкімі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл Ризагул Мырзағалиқызы әдейілеп келіп ақыл кеңесін айтты. Өз тарапынан тәжірибелі аға буын өкілдері қатарынан қолға алынып жатқан «тәлімгерлік» жобасы қолға алып жатқандығы хабарланып жастарға деген қолдауын жеткізді.
Кеңес соңында белсенді мушесі Қарғалы ауданы қаржы бөлімінің басшысы Ұлықпанов Асланбекке «Қызмет » салалық кәсіподағы Орталық Комитетінің төрағасы М.Х.Жақыповтың атынан Құрмет грамотасы табысталды.

М. Сағындықова жастардың болашаққа деген көзқарасын, жаңа жобаларын және жаңа идеяларын қолдайтынын жеткізіп , кеңес мүшелеріне ырзалығын білдірді. Отырыс барысында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, тәжірибе бөлісу үшін Ақтөбе облысы әкімі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл Ризагул Мырзағалиқызы әдейілеп келіп ақыл кеңесін айтты. Өз тарапынан тәжірибелі аға буын өкілдері қатарынан қолға алынып жатқан «тәлімгерлік» жобасы қолға алып жатқандығы хабарланып жастарға деген қолдауын жеткізді.
Кеңес соңында белсенді мушесі Қарғалы ауданы қаржы бөлімінің басшысы Ұлықпанов Асланбекке «Қызмет » салалық кәсіподағы Орталық Комитетінің төрағасы М.Х.Жақыповтың атынан Құрмет грамотасы табысталды.