«EnbekCup2025» облыстық волейбол турнирі өтті
20.10.2025Әлеуметтік қызметкерлер күні қарсаңында Еңбек мобильді орталықтарының арасында «EnbekCup2025» волейболдан облыстық спартакиада болып өтті.
Спорттық шараның басты мақсаты- әлеуметтік сала мамандарының салауатты өмір суру салтын насихаттау , ұжымдық рух пен ынтымақтастықты нығайту , сондай – ақ қызметкерлердің белсенді өмірлік ұстанымын қолдау болды.


Жарысқа облыстың қала және аудан Мансап орталықтарынан құралған 12 команда қатысып , өзара тартысты ойын көрсетті. Әрбір команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын – Байғанин ауданының Мансап орталығы командасы,
🥈 2-орын – Ырғыз ауданының Мансап орталығы командасы,
🥉 3-орын – Темір ауданының Мансап орталығы командасы иеленді.



Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен , алғыс хаттармен марапатталып , «Қызмет» салалық кәсіподағы атынан бағалы сертификаттарға ие болды. Шара әлеуметтік сала қызметкерлері арасында достық пен спорт рухын дәріптеген жарқын басқосу болды.


