Қазақстан Кәсіподақ қозғалысына 120 жыл
14.10.20252025 жылдың 7 қазан күні «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен салалық кәсіподақтардың ұйымдастыруымен Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында кәсіподақ белсенділеріне марапаттар табысталды. «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалы бойынша Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының бас маманы Жазира Қыдырбаева, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Гүлзат Тайғараева аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрмет грамотасымен, Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығының кадр маманы Айғаным Сансызбаева, Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкері Сапарбек Оспанов, Облыстық экономика және қаржы басқармасының әдіскері Гүлзат Қарабалаева аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің алғыс хатымен марапатталды.

Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!



