«Таза Қазақстан» кәсподақпен бірге
26.09.2025Кәсіподақтардың бірлігі мен бастамашылдығының көрінісі жер жерде өткізіліп жатқан сенбіліктерден де көрініп тұр. Мақсатымыз тек қана өз жұмыс орнының жанында емес, қаламыздың әр аудандарында қоғамдық орындарды таза ұстау. Қазақстан Кәсіподақтарының 120 жылдығы аясында өткізіліп жатқан «Таза кәсіпорын- таза Қазақстан» акциясына «Қызмет» салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалының да кәсіподақ мүшелері белсенді қатысты.

Кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен Төле би көшесі бойында орналасқан қаламыздың ірі әрі тарихи кәсіпорыны «Алматы ауыр машина жасау зауыты» саябағы күл қоқыстан ажыратылып, тазалыққа бөленді.


