Шымкентте әлеуметтік саланың жұмыскерлерімен кездесу өтті
12.08.2025«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқымбек Құрманбек қатысып, мекеменің басшысы Ерсұлтан Амзеевпен және кәсіподақ төрайымы Гүлия Белгібаевамен бірге жұмыскерлердің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу барысында еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХХҮІІ-съезінің және «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.
Жиын қорытындысында жұмыскерлерді алда келе жатқан «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен» және Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, бірқатар жұмыскерлерге кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:
- «Еңбек озаты» төсбелгісімен күзетші Әбдіманап Жора Әбділлахапұлы және санитар тазалаушы Усманова Жамиля Джумадиллаевна;
- «Құрмет грамотасымен» күзетші Дәрібай Мұрат Жұмаділлаұлы;
- «Алғыс хатпен» күзетші Абдуманапов Нургелды Абдулахапович және күзетші Бадамбаев Бауржан Жумабекович марапатталды.

