Зейнеткерлік жасқа толған кәсіподақ мүшесіне құрмет көрсетілді
10.06.2025Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің санитарлық тазалық және ағаш қырқу бөлімінің маманы, учаскелік бригадирі Абдукарим Раджаповқа зейнеткерлік жасқа толуына байланысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісі және «Алғыс хаты» табысталды.
Сондай-ақ, мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан арнайы дайындаған сыйлықтары тарту етілді.

