«Әрқашан күн сөнбесін»!

«Әрқашан күн сөнбесін»!

02.06.2025 Off By Администрация сайта

Балаларды қорғау күні бұл жаздың бірінші күні аталып өтетін, болашақтың иесі, еліміздің үміті мен тірегі саналатын балалар үшін ең жарқын, ең қуанышты мерекелердің бірі.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, “Қызмет” салалық кәсіподағы “Парасат” әлеуметтік қызмет орталығында балаларды құттықтап, ата аналарға жылы тілектерін жеткізді. Әрине бұл күні ерекше жандардың жетілуіне, дамуына көңіл бөліп жүрген әлеуметтік қызметкерлерге, психолог, дефектолог мамандарға да алғыс айтылды. Салтанатты шарада әлеуметтік әріптестер, Қазақстан халқы ассамблеясының да өкілдері бүлдіршіндерге арнаған сыйлықтарымен келді.
Сондай ақ жаңадан Салалық кәсіподаққа кірген «Ерте араласудың әлеуметтік қызмет орталығы” ұжымында да “Әрқашан күн сөнбесін” атты шара да жоғары деңгейде өтіп, филиал осы шараның безендірілуіне көмек көрсетті.
Еліміздің балаларына бейбіт аспан, шаттық пен бақыт, жарқын күлкі мен зор денсаулық тілейміз.