Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі “Қызмет” Салалық кәсіподағында аталып өтілді
22.05.2025Мәдениет ұлттың төлқұжаты. Шынайы ұлттық өнер арқылы бүкіл әлем елімізді тануда. Ал күй атасы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрі -қазақ өнерінің інжу маржаны, ұлттық феномен, біздің мақтанышымыз.
Халқымызды рухани байытуға үлкен үлес қосып жүрген Оркестр ұжымын төл мерекесімен “Қызмет” Салалық кәсіподағы төрағасы Жақыпов М.Х. атынан құттықтап, ізгі тілектерін филиал төрайымы Д.Айнақұлова жеткізді.

Ұжымда 23 жылдан аса еңбек етіп жүрген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің артисі Баймұхатов Руслан “Өз ісінің маманы” медалімен, “Қызмет” Салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен Оркестр артистері Уразбаева Гулдариға мен Бақыт Бексұлтан марапатталды.

Дәстүр бойынша төрт әріптестерімізге “Сарыағаш” шипажайына 50пайыз жеңілдікпен сертификаттары табысталды. Өз ісіне адалдық танытып жүрген, елдің рухани дамуына үлес қосып жүрген мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін шын жүректен кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!!

