Марқакөл ауданындағы кездесу

Марқакөл ауданындағы кездесу

04.04.2025 Off By Администрация сайта

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Т. Түсүпханов пен «Қызмет» «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Д. Тілеубаев Марқакөл ауданына іссапармен барды.

Жаңадан құрылған Марқакөл ауданы – облыстағы ең шалғай жатқан шекаралық аудан. Іссапар барысында облыстық кәсіподақ белсенділері Марқакөл аудандық мәдениет үйінде аудандық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу өте жоғары деңгейде өтті, жиынға қатысушылар республикалық, облыстық деңгейдегі кәсіподақтардың атқарып жатқан жұмыстары туралы құнды ақпарат алды. Кездесу нәтижесінде жергілікті мемлекеттік мекемелерде кәсіподақ ұйымдарын құру туралы шешім қабылданды.