
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты шара өтті
05.03.20252025 жылы 05 наурыз күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты шара өткізді.

Шараға Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығының төрайымы А.Есекенова, бастауыш кәсіподақ ұйымдардың кәсіподақ белсенділері, кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары қатысты.
Шара барысында Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығының төрайымы Есекенова Айгүл Оразқызы, облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сүлеймен Серік Кенжебекұлы аруларға арналған жылы лебіздерін білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерін көктем мерекесімен құттықтап, аруларға мейрамға орай сыйлықтар, гүлдер табыстады.