ШҚО-да қысқы спорт түрлері бойынша спартакиада өтті
03.03.2025Қыстың соңғы күні Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен Алтай ауданының Греховка ауылында әлеуметтік орталықтар арасында қысқы спорт түрлерінен жарыс өтті. Салауатты өмірді насихаттайтын жарысқа облыстың әр түкпірінен келген жүзге жуық әлеуметтік қызметкерлер қатысты.


Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Марапаттау рәсіміне қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподақтарының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Тілеубаев Д.Ә. Зимовье, Тарбағатай арнаулы әлеуметтік орталықтарына, Өскемен қалалық балаларға арнаулы әлеуметтік орталығына және облыстық еңбек мобильділік орталығына кәсіподақтар атынан сый тапсырды.




