Алматыда еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді

Алматыда еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді

24.02.2025 Off By Администрация сайта

Алматы қаласындағы қызу кездесулер өз жалғасын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұжымымен кездесумен жалғасты. Кездесуде “Қызмет” Салалық кәсіподағы төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлы Салалық кәсіподақтың сан қырлы жұмысы жайлы айтып, тарихи шолу жасады. Әсіресе, халықаралық тәжірибемен толықтырылған Төрағаның дәрісі көпшіліктің есінде қалды. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – еліміздің қаржы жүйесін дамыту саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары шеңберінде қаржы нарығын реттеудің тәсілдері мен әдістерін айқындайды, Қазақстан Республикасы қаржы нарығының, қаржы өнімдерінің дамуына жәрдемдеседі, сондай-ақ адал бәсекелестік қағидаттарымен қаржы ұйымдарының жұмыс істеуі үшін тең жағдайлар қамтамасыз етеді, қаржы нарығындағы асыра пайдаланушылыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асырады. Үлкен маңызды мекеме.

Салалық кәсіподақ Төрағасы    өз сөзінде кәсіподақтың әлеуметтік әріптестік және қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы рөліне ерекше мән беріп, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, кәсіподақтың міндеттері мен мақсаттары аясында мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, ұжымдағы корпоративтік рухты нығайту бағытындағы жан жақты жұмыстармен таныстырды.  Ендігі мақсат осы мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу!!