«Кәсіподақ ұйымы– ынтымақтастық кепілі!»
11.09.20242024 жылдың 6 қыркүйек күні Қызылорда облысы, Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында әлеуметтік әріптестердің қатысуымен кәсіподақ белсенділерінің «Кәсіподақ ұйымы – ынтымақтастық кепілі» атты жиыны өтті. Басқосу Арал ауданы әкімінің орынбасары, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрмұхамет Бохаевтың, аудандық бөлімдер мен ауылдық округі әкімі аппараттарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының, кәсіподақ мүшелері және «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сәуле Тұрсынбаеваның, төраға орынбасары Кенес Махамбетовтың қатысуымен өтті. Барлығы 72 адам қатысты.
Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамет Омарұлы кәсіподақтың қоғамдағы атқарар рөлін, еңбек адамының мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйымның қызметін, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы алтын көпір – кәсіподақ ұйымы екенін атап өтті. Облыстық филиал төрағасы С.Тұрсынбаева қатысушыларға «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалында 2023 ж.-2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстармен, жұмыскерлерге тиімді де ұтымды ұжымдық шарт жасаудың маңыздылығы, кәсіподақ жаңалықтарымен т.б. таныстырды. Сонымен қатар кәсіподақ заңгері К.Махамбетов «Кәсіптік Одақтар туралы» ҚР Заңына кеңінен тоқталып түсініктеме берді.
Сондай-ақ жиында Арал ауданы әкімі аппаратында ұзақ жылдан бері адал еңбек етіп келе жатқан әдіскер, кәсіподақ мүшесі Күләйім Жаңабаева Облыстық кәсіподақтың «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» медалімен, Арал ауданы әкімінің орынбасары, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрмұхамет Бохаев «Қызмет» салалық кәсіподақтың «Мемлекеттік мекемелер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ал Арал ауданы әкімі аппаратының әдіскері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айгерім Кимбаева «Қызмет» салалық кәсіподағының құрмет грамотасымен, Мергенсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қази Сейітов, Арал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері Алмагүл Батықбаева мен Нұрлан Көлдеев «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрмет грамотасымен, Арал аудандық мәслихат аппаратының басшысы Нұрлан Әбілов, Арал ауданы әкімі аппаратының бас маманы Гүлшат Сейтжан, Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының статистигі Қанағат Оразбаев Облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен, Арал ауданы әкімі аппаратының қызметкері Жеміс Қалдыбаева пен Маржанкүл Скакова Облыстық салалық кәсіподақтың алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Халық бюджеті» байқауында «Тынығу бөлмесі» жобасымен қатысқаны үшін салалық кәсіподақтың ынталандыру сыйлығы(50000 теңге) Мергенсай ауылдық округі әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымына табысталды.