Отбасы күні

Отбасы күні

09.09.2024 Off By Администрация сайта

Қазақстанда «Отбасы күні» 2013 жылдың қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Жаңа оқу жылымен бірге келетін бұл мерекенің орны ерекше. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпалдың орны бөлек.

Отбасының басты қызығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата- ананың арманы және борышы екені даусыз.

«Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері Салалық кәсіподағының Түркістан облысы, Шардара аудандық филиалының төрайымы Биманова Бахыткүл Құрмантайқызы және Шардара аудандық № 1 және № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің ұжымдарымен бірлесе отырып, «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция » тақырыбында «Толағай» отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа бір отбасының ата- анасы , екі баласымен қатыстырылды. Сайысқа 6 отбасы қатысты.

Сайыстың бағдарламасы: таныстыру, қаппен секіру, допты жоғарыға шеңберге лақтыру, арқан тарту спорт түрлерінен болды.
Сайыс өте қызықты, тартысты өтті.
Барлық сайысқа қатысқан отбасыларға Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Бахыткүл Құрмантайқызы спортқа тән кубокпен, Грамотамен, медалдарымен бірге бағалы сыйлықтар табысталды.

Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік, балаларымыз бақытты болсын !!!